Қауіпсіз сана

    «Қауіпсіз сана» форумы аясында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстың тиімді алгоритмдері» атты оқыту семинары өтті.

    Іс-шараны Абай облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ұйымдастырды.

    Семинарға мектеп психологтары, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, жастар саясаты саласының мамандары, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, сондай-ақ ішкі саясат, дін істері және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

    Абай облысының дін істері басқармасының басшысы Нұржан Ерғалиевұлы Есенжолов семинардың ашылуына қатысып, қатысушыларға сәттілік пен нәтижелі жұмыс тіледі.

    Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теология ғылымдарының докторы (PhD) Тимур Нүсіпханұлы діни экстремизмнің алдын алудағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімді тәсілдері мен практикалық алгоритмдерін таныстырды.

    Дінтанушы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Саян Аднбекұлы Тіллебек радикалды идеологияның ықпалына қарсы профилактикалық жұмыс жүргізу жолдарын түсіндіріп, нақты жағдайларды талдау арқылы әрекет ету алгоритмдерін ұсынды.

    Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби қызметте кездесетін мәселелерді сарапшылармен бірге талқылады. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар мен практикалық ұсынымдар жинақталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

    Материал Абай облысының ТҚК ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары