🔰2026 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қ.А.Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе отырысының хаттамасына сәйкес Ауылдарды дамыту бойынша жаңа тәсілдерді іске асыру және «Ауыл - менеджері», «Ауылды дамыту командасы» тетіктерін пилоттық режимде енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын.
🔰Осыған байланысты, аптаның басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен жұмысшы топтың алғашқы отырысы өтті.
🔰Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасы және «Ауылды дамыту командасының» қызметі туралы мәселе қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Оңғарбекұлы «Ауыл аманаты» жобасы – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарлама екенін тілге тиек етіп, аталмыш жобаны ауданымызда сапалы жүзеге асыруға жұмысшы топты бірлесе әрекет етуге шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









