Әли Уәлиханов ауданы Көктерек, Амангелді және Қаратерек ауылдарының тұрғындары "алкогольсіз ауыл"бастамасына қосылды. 300-ге жуық тұрғын салауатты өмір салтын таңдады.
Жергілікті дүкендерде алкоголь сатылмайды. Ауыл тұрғындары бұл жағдайды тұрақты ұстауға және құқық бұзушылықтар санын азайтуға көмектеседі деп сенеді.
📊 Өңірде барлығы бастамаға 6 мыңнан астам адам тұратын 51 ауыл қосылды. Прокуратураның мәліметінше, бүгінгі күні бұл елді мекендерде қылмыс тіркелген жоқ.
"Айқын нәтиже" жобасы аясында полицейлер мен прокурорлар тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
#Байсалды өмір # СҚО # салауатты өмір #айқын нәтиже
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









