Қостанай облысында 2026 жылғы вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету бойынша іркілістер мен ауыл шаруашылығына қажетті су тапшылығы болған жоқ. Бұл туралы брифингте «Қазсушар» РМК Қостанай филиалы директорының міндетін атқарушы Сәкен Қоқышев мәлімдеді. Суару жұмыстарына 20,3 млн текше метр су беріліп, су пайдалануға шарт жасасқан 64 тұтынушының барлығы сумен қамтамасыз етілді. Жалпы суармалы жер көлемі 6,5 мың гектардан асты.
«Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы» РММ басшысы Алмат Абжановтың айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған арнайы су пайдалануға 109 рұқсат берілген. Сонымен қатар 7,2 мың гектардан астам алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылды.
«Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Әділ Ахметовтің хабарлауынша, гидрометеорологиялық мониторинг жаз айларында ауа температурасының жоғары болғанын, ал шілде мен тамызда жауын-шашынның жеткіліксіз түскенін көрсетті. Қазіргі уақытта өзендердегі су деңгейін бақылау жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде көпжылдық реттеу режиміндегі су қоймалары 70 пайызға толған. Оларда 981,3 млн текше метр су жиналған. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері тиісті қызметтердің басым бағыттарының қатарында қалып отыр.
✅Қостанай облысында вегетациялық кезең су тапшылығынсыз өтті
Ұқсас материалдар

Ақтөбе облысында су үнемдеу технологиялары 12,3 мың гектар жерге енгізілді
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Дәстүрден сәнге дейін: Семейде «ABAI ШЕБЕР FEST» этнофестивалі өтті
Абай облысының ішкі саясат басқармасыАшу
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
Телекоммуникация комитетіАшу
Үлкендерге құрмет көрсету - халқымыздың дана әрі байырғы дәстүрлерінің бірі
Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасыАшу
Полиция ата-аналарды демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға шақырады
ҚР ІІМАшу
"Қостанай облысы Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Бес жыл алкогольсіз: Жетісудағы Жаңалық ауылы қылмыссыз өмір сүреді
Қостанай облысы Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппаратыАшу
Алкоголизмнің алдын алу.
Қостанай облысы Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппаратыАшу
Нашақорлыққа жол жоқ.
Қостанай облысы Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппаратыАшу
Жітіқара ауданы әкімінің халықпен есептік кездесуін өткізу туралы
Қостанай облысы Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппаратыАшу
Заң мен тәртіп
Қостанай облысы Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппаратыАшу