Полиция қызметкерлеріне семинарлар өткізілді

    Қазіргі таңда әлемде және елімізде терроризм мен діни экстремизм қаупі, радикалды идеологиялардың таралуы, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы арандатушылық ақпараттардың көбеюі өзекті мәселелерге айналып отыр.

    Әсіресе, әлеуметтік желілердежалған ақпараттардың, діни радикалдық көзқарастарды насихаттайтын материалдардың таралуы қоғамдық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін.

    Осыған байланысты, Сарыағаш аудандық пробация бөлімі, Бәйдібек аудандық Полиция бөлімі және Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлеріне экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Себебі полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және азаматтармен тікелей жұмыс жүргізуде маңызды рөл атқарады.

    Сонымен қатар, күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтау, терроризм қаупі туралы хабарламаларға сауатты әрекет ету және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері ерекше маңызға ие.

    Кездесу барысында қатысушыларға экстремизм мен терроризмнің заманауи сипаты, олардың таралуының жасырын тетіктері, әлеуметтік, саяси және ақпараттық кеңістіктегі ықпал ету формалары туралы деректер ұсынылды.

    Әсіресе, халықпен тікелей жұмыс жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің экстремизм мен терроризмге қатысты тәуекелдерін ерте анықтау, ақпарат таратуда сақтықты ұстану және күмәнді әрекеттерге дер кезінде әрекет ету маңызды екені жеткізілді.

    Жиын қорытындысымен қызметкерлерге экстремизм мен терроризм профилактикасына қатысты әдістемелік ұсынымдар мен ақпараттық материалдар тарату, ақпараттық жұмыстарды күшейту туралы тапсырмалар жүктеді.

    Кездесуге 200-ге жуық күштік құрылым қызметкерлері қатыстырылды.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары