Алматы қаласындағы құрылыс дүкендерінің бірінде әріптестер арасында жанжал туындап, ер адам әйелге күш қолданған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, оқиғаның қосымша мән-жайлары анықталды. Атап айтқанда, бейнежазбалардан әйелдің де әріптесіне қол көтергені белгілі болды. Оның әрекетіне де заң аясында құқықтық баға беріледі.
Полиция қылмыстық істің тіркелмегені және сот-медициналық сараптама тағайындалмағаны туралы таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты әрі объективті түрде анықталуда.
Заң алдында бәрі тең.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









