18 қараша 2026 жылы «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-сінде ағылшын тілі пән мұғалімдері арасында олимпиада өтті.
Білім сайысының басты мақсаты — педагогтердің пәндік құзыреттілігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін дамыту және үздік тәжірибелерді насихаттау.
Олимпиада барысында қатысушылар ағылшын тілінің теориялық негіздері, эссе жазып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде педагогтердің сыни ойлау қабілетіне және тілдік сауаттылығына ерекше назар аударды.
Олимпиадаға барлығы – 20 мұғалім қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдер:
І орын —Адилова Аяна Айдынгалиевна «Ж.Жабаев атындағы ЖОББМ»КММ;
ІІ орын —Сапарханова Молдир Толегеновна «А.Көшкімбаев атындағы ЖОББМ»КММ
Кузеубаева Асыл Жумагазыевна«№7 ЖЗОББМ»КММ
Касымова Арайлым Жанахметовна «К.Кадыржанов атындағы Қызылқия ЖОББМ»КММ
ІІІ орын — Шомшекова Жадыра Абдрахмановна «Тарбағатай ЖОББМ»КММ
Уатқанова Мөлдір Қанатқызы«Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы»КММ
Омарова Айгуль Серикжановна«№ 3 ЖОББМ »
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Облысқа жолдама алған әріптесімізге сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








