«Әр бала – бір әлем, әр жүрек – бір үміт» аудандық семинар

    1 / 4

    19.11.2026 жыл «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ-де«Әр бала – бір әлем, әр жүрек – бір үміт» тақырыбында аудандық дефектологтарға арналған тәжірибе алмасу семинары өтті.

    Семинар жұмысына Аудандық білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы Маликова, әдіскерлер А.Е Амреева, А.О Көшкінбаева, дефектолог мамандар қатысты.

    Семинар барысында №6 мектептің арнайы педагогі Жарылқасынова Ж.Ж. «Мүмкіндіктер әлеміне саяхат» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.Іс-шара аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың қатысуымен танымдық, шығармашылық және практикалық тапсырмаларға негізделген сабақ ұйымдастырылды. Оқушылар өз мүмкіндіктерін танытып, белсенділік пен қызығушылықтарын көрсете білді. Сабақ мазмұны балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылып, олардың танымдық қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын, өзіне деген сенімділігін және дербестігін дамытуға бағытталды. Семинардыоқу, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы Маликовақорытындылап Ж.Ж Жарылқасынованың іс-тәжірибесіне оң баға беріп, әр дефектологкәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибелермен бөлісу, тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салу және ерекше білім беруді қажет ететін әрбір баланың мүмкіндігін ашуға бағытталған жұмыстаркөп болсын деп ізгі ниетін білдірді. Әдіскерлер А.Е Амреева, А.О Көшкінбаева: тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді, әр баланың бойында ашылмаған мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті танып, дамыту – біздің басты міндетіміз деп алғыстарын білдірді. Семинар соңында Ж.ЖЖарылқасыновақонақтарға өз қолымен жасаған туындыларын тарту етіп, оқушылардың жүрекжарды ізгі тілектерін де жеткізді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары