Қостанай облысында Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне азаматтық қорғау органдарындағы қызмет және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Талғат Камильевич Әбдіров ҚР Ұлттық ұланының № 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
ТЖД өкілдері құтқарушы мамандығы, азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттері, үміткерлерге қойылатын талаптар және қызметке қабылдану тәртібі туралы баяндады.
Сондай-ақ әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет аяқталғаннан кейін ТЖМ бөлімшелеріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша бес әскери қызметші азаматтық қорғау органдарында қызметін жалғастыруға қызығушылық танытты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









