Қостанай облысында өрт сөндірудің үздік штабтық үстелі анықталды

    1 / 12

    ТЖД-де «Үздік штабтық үстел» байқауының қорытындысы шығарылды. Өрт сөндіру бөлімшелері өз әзірлемелерін, техникалық жабдықталуын және кәсіби шеберліктерін көрсетті.

    Төтенше жағдайлар департаментінде гарнизонның өрт сөндіру бөлімшелерін біріктірген облыстық байқау-сайыс өтті. Қатысушылар өрт сөндіру штабының жұмысын ұйымдастыруға арналған өз әзірлемелері мен заманауи шешімдерін ұсынды.

    Қатысушылар өздері әзірлеп, дайындаған штабтық үстелдерді таныстырып, олардың функционалдық мүмкіндіктерін, мобильділігін, пайдалануға қолайлылығын және өрт орнында жедел орналастыру мүмкіндігін көрсетті. Конкурстық комиссия техникалық жабдықталуын, жедел-қызметтік құжаттаманың, байланыс және жарықтандыру құралдарының болуын бағалады.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    * I орын — Қостанай қаласы ӨСБ № 5 ӨБ;
    * II орын — Қостанай қаласы ӨСБ № 1 МӨСБ;
    * III орын — Қостанай ауданы ТЖБ № 10 ӨСБ.

    Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

    Мұндай байқауларды өткізу қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, техникалық шығармашылықты дамытуға және өрт сөндіру кезінде күштер мен құралдарды басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары