Монреаль қаласында өтіп жатқан ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі 7-ші дүниежүзілік конференциясы аясында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Мальта делегациясының басшысы, Тұрақты мобильділік министрі Крис Бонеттпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы Қазақстан-Мальта ынтымақтастығын нығайту перспективаларын, халықаралық әуе қатынасын дамытуды және авиация саласының өзекті мәселелері бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Сондай-ақ спикерлер авиация секторын тұрақты дамыту, заманауи технологияларды енгізу, әуе көлігінің экологиялық тиімділігін арттыру және авиациялық инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында тәжірибе алмасуға ортақ мүдделілік танытты.
Бұдан бөлек, тараптар салалық ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, оның ішінде азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авиация мамандарын даярлау және озық халықаралық тәжірибелермен алмасу салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Әуе қатынасы туралы келісім жасасу жөніндегі жұмысты бастауға уағдаласты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








