Қостанайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді

    1 / 4

    Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту мақсатында № 76 тергеу изоляторына барды.

    Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы Өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесіп, Қостанай қаласындағы № 76 тергеу изоляторына профилактикалық баруды ұйымдастырды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

    Сапар барысында қызметкерлер мекемедегі ұстау жағдайларымен және белгіленген ішкі тәртіппен танысты. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеке жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, жеке құрамның құқықтық санасын арттыруға және азаматтық қорғау жүйесіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары