«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою»

    «Жылжымайтынмүлікобъектісініңмекенжайынберу/жою»мемлекеттіккөрсетілетінқызметболыптабыладыжәнеҚазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібін айқындайды.Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын берукелесі тәртіппен жүргізіледі:

    - Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын беру немесе жою туралы

    өтінішті қарауға қабылдау;

    - Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою үшін,

    объектінің орналасқан жеріне барып фотофиксация жасалып, нысан бойынша қарап-тексеру актісін жасау арқылы объектінің бар немесе жоқтығын куәландырады;

    - Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою туралы

    бұйрық дайындалып, «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ге деректерді енгізуді жүзеге асырылады;

    - Көрсетілген қызмет электрондық құжат нысанында өтініш берушінің«жеке кабинетіне» жіберіледі.

    «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» туралыөтінішті қараудың жалпы мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күнді ал аудандар үшін - 5 (бес) жұмыс күнді құрайды.

    Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын ала және/немесе тұрақты мекенжайлар беріледі.

    Алдын ала мекенжай:

    - жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне;

    - пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге;

    - пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге;

    - бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі.

    Жылжымайтын мүлік объектісінің алдын ала мекенжайы туралы ақпарат "Мекенжай" АЖ-да тіркелуге тиіс

    Тұрақты мекенжай:

    -барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған, пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттарға, құрылыстарға, бұл ретте бағбаншылық (саябақ) объектілерін адрестеу пайдалануға берусіз сәйкестендіру құжатының негізінде жүзеге асырылады;

    - гараждарға, ғимаратқа жапсарлас, жанастыра, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларға, тұрғын үй-жайларға, мансардтық қабаттарға;

    Заңға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілерге;

    - меншік құқығы тіркеуші органдарында тіркелген, ғимарат пен құрылыстарды салу және пайдалану үшін берілген жер учаскелеріне беріледі.

    Мыналарға:

    - өз бетімен тұрғызылған объектілерге;

    - жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстарға, мобильдік павильондарға, дүңгіршектерге, шатырларға, аялдамаларға, бақтарға, саябақтарға мекенжай берілмейді.

    «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ" жаңалықтары