Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері «АгромашХолдинг KZ» АҚ-на барды.
«АгромашХолдинг KZ» АҚ-на жұмыс сапары барысында Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері кәсіпорынның қызметімен, өндірістік үдерістің ерекшеліктерімен және жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында ТЖД өкілдері өндірістің ерекшеліктерін, пайдаланылатын жабдықтарды, өндірістік үй-жайларды және технологиялық үдерістің негізгі кезеңдерін зерделеді.
Кәсіпорын өкілдері зауыттың қызметі туралы баяндап, өндірістік желілердің жұмысын көрсетіп, қатысушыларды шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен таныстырды.
Кәсіпорын аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналдың әрекет ету тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар қатысушыларға өндірістік нысанның ерекшеліктерін, технологиялық үдерістерге байланысты ықтимал тәуекелдерді және кәсіпорында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іс жүзінде зерделеуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









