Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

    Еңбек инспекциясы департаментінде қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік әдеп пен адалдық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдделер үшін пайдалану фактілеріне жол бермеу мәселелері қаралды.

    Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" жаңалықтары