Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті

    Департамент туралы

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы іске асыру мен бақылау функцияларын өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қызметкерлер саны 100-ден асатын кәсіпорында қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметі құрылуы тиіс пе және сол қызметте қанша штаттық қызметкер болуы қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 202-бабының 1-тармағына сәйкес, өндірістік қызметпен айналысатын және құрамында елу (50) және одан көп қызметкері бар ұйымдарда жұмыс беруші қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметін құрады; бұл қызмет тікелей ұйым басшысына немесе оның уәкілетті тұлғасына бағынады. Өндірістік қызметтер бойынша салалар аралық типтік штаттық нормативтің №349 (02.09.2020 ж.) талаптары бойынша, қызметкерлер саны 100-ден жоғары кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің нормативтік штаттық саны 1,5 штаттық бірлікке сәйкес келеді. Осыған орай, штаттық саны 100-ден асатын кәсіпорында қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметі құрылады және оның нормативтік штаттық саны 1,5 штаттық бірлік болып табылады.

    ·
    Сұрақ

    Қызметкер өндірістік қажеттілік бойынша басқа цехқа ауыстырылды, ол өз лауазымы аясында жұмыс істейді — жұмыс беруші сол қызметкерге қайтадан қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша оқыту жүргізуі тиіс пе?

    Жауап

    Қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық және білімді тексеру тәртібі мен мерзімдері туралы ереженің 4-тармағына сәйкес, қызметкерді басқа жұмыс орнына немесе басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстырғанда немесе лауазымы, мамандығы, кәсібі мен біліктілігі аясында басқа механизмде/агрегатта жұмыс тапсыру кезінде қайта оқыту және қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша білімді тексеру талап етілмейді.

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыс басталар алдында қызметкерлерден алдын ала (смена алдындағы) медициналық сараптамадан өтуін талап ете ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 185-бабының 2-тармағына сәйкес, қауіптілігі жоғары жұмыстарда, сондай-ақ машиналар мен механизмдермен жұмыс істейтін қызметкерлер смена алдындағы медициналық тексерістен өтуі тиіс. Сменад алдындағы медициналық тексеруді талап ететін мамандықтар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар анықтайды. Осыған орай, смена алдындағы медициналық тексеруден қауіптілігі жоғары жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлер өтеді және оларды тексеру тізбесін денсаулық сақтау уәкілетті органдары белгілейді.

    ·
    Сұрақ

    Қызметкерде өндірістік жарақаттан кәсіби еңбекке қабілеттіліктің 20% жоғалуы анықталды. Алайда қызметкер өз бұрынғы мамандығы бойынша шектеусіз еңбек әрекетін жалғастыра береді. Қызметкерге кәсіби еңбекке қабілеттіліктің жоғалуы бойынша төлемдер жүргізілуі тиіс пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 122-бабының 3-тармағына сәйкес, қызметкерге зиян келтіріп, оның кәсіби еңбекке қабілеттілігінің жоғалу дәрежесі 5-тен 29 пайызға дейін (қоса есептегенде) болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерге жоғалған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындарды өтеуге міндетті. Осыған байланысты, қызметкердің бұрынғы лауазымында жұмысын жалғастыруына қарамастан, жұмыс беруші кәсіби еңбекке қабілеттіліктің жоғалуы үшін төлемдер жасауы міндетті.

    ·
    Сұрақ

    Өндірістік жарақат бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары қалай төленеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 133-бабының 4-1 тармағына сәйкес, қызметкерге еңбек жарақаты немесе кәсіби ауруға байланысты берілетін уақытша еңбекке жарамсыздық үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық жалақының жүз пайызын құрайды. Осыған орай, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары орташа айлық жалақының 100% мөлшерінде өтеледі.

    ·
    Сұрақ

    Еңбек шарты мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың (АҚС) айырмашылығы неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 27 бабына сәйкес шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының айрықша белгілері онда мынадай талаптардың біреуінің болуы болып табылады: 1) қызметкердің белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын) орындауы; 2) еңбек тәртібіне бағынумен міндеттемелерді жеке өзі орындау; 3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы.

    ·
    Ақпарат

    Тергеп-тексерудің қорытындысы

    ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 7-тармағының негізінде тергеп –тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады. 2026ж. 30.05 «НОМАД 14» ЖШС А қызметкерімен ауыр нәтижемен жазатайым оқиға болды. Жазатайым оқиғаны тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің 100% кінәсін және қызметкердің 0% кінәсін анықтады, себебі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексерудің қорытындысы

    ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 7-тармағының негізінде тергеп –тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады. 2026ж. 30.03 «KSP Steel» ЖШС А қызметкерімен ауыр нәтижемен жазатайым оқиға болды. Жазатайым оқиғаны тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің 100% кінәсін және қызметкердің 0% кінәсін анықтады, себебі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Заттардың, материалдардың, жердің және т.б. құлауы, қирауы, опырылуы

    Жазатайым оқиғаның мән-жайы Жұмысты шамамен сағат 20:30-да бастап, 4 (төрт) ағаш тұғырды (поддонды) кірпішпен тиегеннен кейін, 2-разрядты қосалқы жұмысшы А 5 (бесінші) ағаш тұғырды жинақтауға кірісті. Бір ағаш тұғырдағы кірпіш саны 400 дананы құрады. Кірпішті ағаш тұғырларға жинақтау жұмыстарын орындау кезінде А-ның жанында басқа жұмысшылар болған жоқ. 5 (бесінші) ағаш тұғырды тиеп болғаннан кейін, шамамен сағат 22:40-та 2-разрядты қосалқы жұмысшы А (зардап шегушінің айтуы бойынша) жүрелей отырып, оң қолын жерге тіреген. Осы сәтте ағаш тұғырдың жоғарғы қатарының оң жағында орналасқан, салмағы шамамен 4 (төрт) килограмм болатын жоғарғы кірпіш жылжып кетіп, шамамен 1 (бір) метр 30 (отыз) сантиметр биіктіктен А-ның оң қолына құлаған. Соққы алғаннан кейін А оң қолының 4-ші (төртінші, аты жоқ) саусағында қатты ауырсынуды сезініп, қан кеткенін байқаған. Шамамен сағат 22:43-те «Б» ЖШС-нің кезекші медицина қызметкері А-ға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, «Кеторол» ауырсынуды басатын препаратын бұлшықет ішіне енгізді және алдын ала оң қолының 4-ші (төртінші, аты жоқ) саусағының ашық сынуын анықтап, аталған саусаққа бекіткіш таңғыш салды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін кезекші медицина қызметкері болған оқиға туралы ауысым бастығы В-ға хабарлап, зардап шегушіні травматологиялық пунктке жеткізуді ұсынды. Жазатайым оқиғаның себептері Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тарапынан жұмыстарды өндірудің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, атап айтқанда кірпішті ағаш тұғырларға қауіпсіз және кезең-кезеңімен жинақтау тәртібін белгілейтін нұсқаулықтың (технологиялық картаның) болмауы. Сонымен қатар, А жұмыс беруші тарапынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, комиссия А-ны кірпішті ағаш тұғырларға жинақтау жұмыстарын өз бетінше орындауға жіберу мерзімінен бұрын жүзеге асырылған және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеген деген қорытындыға келеді.

    Жарияланды: