Еңбек шарты мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың (АҚС) айырмашылығы неде?
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 27 бабына сәйкес шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының айрықша белгілері онда мынадай талаптардың біреуінің болуы болып табылады:
1) қызметкердің белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын) орындауы;
2) еңбек тәртібіне бағынумен міндеттемелерді жеке өзі орындау;
3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы.