Астанада 21–22 қараша күндері ауқымды«Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтеді

    21–22қараша күндері АстанадаҚРАуылшаруашылығы министрлігімен Астанақаласыныңәкімдігі бірлесіп ұйымдастыратын ауқымды ауылшаруашылығы жәрмеңкесі– «Соғым-FEST»өтеді.

    Іс-шараАуыл шаруашылығы қызметкерлерікүніне орайластырылып,ауыл шаруашылығықызметкерлерініңIIIфорумының аясындаұйымдастырылады.Жәрмеңкеге Ақмола,СолтүстікҚазақстан,Қостанай және еліміздің басқадаоблыстарындағы фермерлік шаруашылықтарқатысып,өз өнімдерін ұсынады.Келушілергеотандық ауыл шаруашылығы және азық-түлікөнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.

    «Соғым-FEST»жәрмеңкесінің бастыерекшелігі–өнімдерді өндірушілердің тікелей сатуформаты.Бұл қосымша делдалдарды болдырмауға,фермерлердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтугежәне елорда тұрғындарының сапалы отандықөнімдерге тікелей қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

    Жәрмеңке өңірлік өнімдерді ілгерілетуге,отандықмалөсірушілерді қолдауға,сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерментұтынушылар арасындағы тікелей байланыстынығайтуға арналған қосымша алаңға айналады.

    Сауда21және22қараша күндері сағат10:00-ден 19:00-гедейін Астананың үш алаңында қатарөткізіледі:

    «Keruen Joly»сауда орталығы–Алаш тасжолы, 35Б.

    Автобусбағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

    «Ет Әлемі»сауда орталығы–Алаш тасжолы, 31/1.

    Автобусбағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

    «Jurt»сауда орталығы–Бейбарыс Сұлтанкөшесі, 3.

    Автобусбағыттары: № 2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67, 73.

    «Era Bazary» –Қорғалжын тас жолы, 96.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары