Астанада 7 қарашада басталған «Соғым-FEST» жәрмеңкесіне келушілер саны 50 мыңнан асты. Қаладағы үш сауда алаңында ұйымдастырылған жәрмеңке тұрғындарға ет өнімдерін нарықтағы бағадан төмен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.
Жәрмеңкеде отандық фермерлер сиыр, жылқы және қой етін ұсынады. Атап айтқанда, сиыр етінің бір келісі – 3 300 теңге, жылқы еті – 3 500 теңге, қой еті – 3 700 теңгеден сатылуда.
Саудаға шығарылған барлық ет өнімі сатылымға дейін зертханалық тексеруден өткен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Соғым-FEST» жәрмеңкесі қазақ халқының қысқа соғым дайындау дәстүрін жаңғыртуға бағытталған. Сонымен қатар қала тұрғындарына етті делдалсыз, тікелей фермерлерден сатып алуға жағдай жасайды.
Жәрмеңке демалыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін үш жерде жұмыс істейді:
- «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
- «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
- «Jurt» сауда орталығы – Сұлтан Бейбарыс көшесі, 3.
Жәрмеңке жыл соңына дейін жалғасады.
https://www.instagram.com/p/DfzTPdVAVKH/
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









