Мемлекеттік қолдау – бизнеске жаңа мүмкіндіктер!

    Бүгін «Даму» қорының Астана қаласындағы филиалының өкілдері Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырған кәсіпкерлерге арналған семинарға қатысты.

    Семинарда даму институттарының, соның ішінде «Даму» қорының өкілдері кәсіпкерлерге қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдары, қаржыландыру, субсидиялау, кепілдік беру мүмкіндіктері және бизнесті дамытуға бағытталған өзге де шаралар туралы айтып берді.

    Кездесуде практикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Кәсіпкерлер сарапшылармен тікелей сөйлесіп, кеңес алды және өз бизнесіне қандай қолдау құралдары сәйкес келетінін білді.

    «Даму» қоры кәсіпкерлерге қолжетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беруді жалғастырып, жаңа жобаларды іске асыруға және жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға қажетті мүмкіндіктерді табуға көмектеседі.

    Кәсіпкерлікті бірге дамытайық!

    https://www.instagram.com/p/Df7GP4hNuaa/

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары