Қостанай облысында волонтерлердің мобильді тобы дайындықтан өтті

    1 / 4

    Қостанай облысында 17 волонтер ТЖМ бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, сертификаттар алды.

    Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің волонтерлерді даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша мобильді топ волонтерлерін оқытуды аяқтады.

    Оқу бағдарламасы 8 модуль мен 45 тақырыптық сабақтан тұрды. Сабақтар барысында өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсету, құтқару жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қамтылды.

    Оқу қорытындысы бойынша 17 волонтер теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырып, тиісті сертификаттарға ие болды.

    Дайындықтан өткен топ профилактикалық іс-шараларға, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде ТЖД бөлімшелеріне көмек көрсетуге қатысады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары