Мектеп жасы – баланың дене бітімі мен ағзасы қарқынды дамитын маңызды кезең. Осы уақытта оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау ерекше маңызға ие. Партада ұзақ уақыт отыру, дене белсенділігінің төмендігі, көру жүктемесінің артуы және жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылмауы оқушылардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, дене сымбатының бұзылуына және көру қабілетінің нашарлауына ықпал етуі мүмкін.
Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының алдын алудың маңызды шарттарының бірі – мектеп жиһазының оқушылардың бойына сәйкес келуі, партада дұрыс отыру, оқу жүктемесін қимыл-қозғалыс үзілістерімен алмастыру және тұрақты дене белсенділігін қамтамасыз ету.
Оқушылардың көру қабілетін сақтау да ерекше назар аударуды қажет етеді. Көру қабілетіне кері әсер ететін негізгі факторларға электрондық құрылғыларды ұзақ уақыт пайдалану, оқу бөлмелеріндегі жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі және көру жүктемесінің белгіленген тәртібін сақтамау жатады.
Қазіргі уақытта облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында заманауи есептеу техникасымен жабдықталған компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Бұл ретте жабдықтарды пайдалану талаптарының сақталуына және қауіпсіз оқу жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Соңғы бес жылда жүргізілген зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері бірқатар білім беру ұйымдарында электромагниттік өріс деңгейлерінің белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін жағдайларының тіркелгенін көрсетеді.
Оқушылар денсаулығының бұзылуының алдын алу үшін электрондық құрылғыларды пайдалану режимін сақтау, оқу орындарында табиғи және жасанды жарықтандырудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету, көзге арналған жаттығулар өткізу, сергіту сәттерін ұйымдастыру және оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау қажет. Сонымен қатар таза ауада серуендеу мен дене шынықтыру сабақтарының маңызы зор.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осы бағытта 27 семинар ұйымдастырылып, 31 тікелей эфир өткізілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









