Қостанай облысында «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмыс қорытындылары, балалардың практикалық дайындығы, материалдық қамтамасыз ету және азаматтық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы талқыланды.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері бастықтары мен білім бөлімдерінің басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Қатысушылар 2025–2026 оқу жылындағы «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмыс қорытындыларын шығарып, өзекті мәселелер мен жаңа оқу жылына арналған міндеттерді талқылады.
Практикалық сабақтарды өрт сөндіру бөлімдерінің базасында өткізуге, үйірме жетекшілерін даярлауға, командалардың жарыстарға дайындығын жетілдіруге, сондай-ақ қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалып, азаматтық қорғау органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту шаралары белгіленді.
Басты мақсат — балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









