Саладағы өзекті мәселелер вице-министрдің қатысуымен қаралды

    Саладағы өзекті мәселелер вице-министрдің қатысуымен қаралды
    Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, саланың даму бағытын айқындау мәселелері ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың қатысуымен болған алқа отырысында талқыланды.
    Жиынды облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова жүргізді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі - саланы дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру. Бұл жөнінде басқарма басшысы Сержан Назарбек қойылған міндеттер мен жұмыстар легін баяндады.
    Сондай-ақ, жиында нәрестелер мен балалардың денсаулығын қорғау, медициналық көмекті уақтылы ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.
    Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар мен өзекті мәселелер талқыланды.
    Вице-министр Манас Рамазанов көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, белгіленген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстап, саланы дамыту тұжырымдамасында көзделген шараларды сапалы іске асыру қажеттігін атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары