Тұрғындардың өтініштері жеке қабылдауда қаралды

    Тұрғындардың өтініштері жеке қабылдауда қаралды
    Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді тұрғындардың өз аузынан естіп, олардың шешілу жолдарын жауапты мамандармен бірлесе қарау - халықпен ашық диалог орнатудың маңызды тетігі. Осы мақсатта денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға жазылып, бірақ келе алмаған азаматтар онлайн байланыс арқылы өз өтініштерін жеткізді.
    Тұрғындар медициналық көмектің қолжетімділігі, мамандандырылған ем алу үшін стационарға жатқызу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық ақпараттық жүйедегі мәліметтерді түзету, мүгедектік мәртебесін рәсімдеу және техникалық оңалту құралдарын алу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру, балаларға көрсетілетін медициналық көмек пен қажетті мамандардың бақылауына қатысты өтініштер айтылды.
    Әрбір мәселенің мән-жайы жеке қаралып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Бірқатар өтініш бойынша қолданыстағы тәртіп пен медициналық көрсетілімдерге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары