Бір орталықта - бірнеше маман: Құзыреттілік орталығы іске қосылды
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының базасында өңірде алғаш рет Құзыреттілік орталығы жұмысын бастады. Оны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов ашып, мүмкіндіктерімен танысты.
Оған мамандандырылған кабинеттердің жұмысы таныстырылып, медициналық көмектің негізгі бағыттары көрсетілді.
Жаңа орталық созылмалы, аутоиммундық, нейродегенеративтік және сирек кездесетін аурулары бар пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұнда күрделі диагнозы бар науқастардың жағдайы бірнеше сала маманының қатысуымен қаралып, тексеру және емдеу тактикасы бірлесіп айқындалады.
Маңызды бағыттардың бірі - аудандық және қалалық медициналық ұйымдармен өзара байланысты нығайту. Бұл ретте телемедициналық кеңестер өткізіліп, күрделі клиникалық жағдайлар қашықтан талқыланады.
Орталықтың ашылуы күрделі ауруларды ерте анықтауға, асқынулардың алдын алуға және пациенттердің қажетті мамандар көмегін бір жерден алуына жағдай жасайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









