«Регион-10»: волонтерлердің көмегімен 473 адам аман табылды

    Қостанай облысында жеті жылдан бері «Регион-10» ерікті іздестіру-құтқару жасағы жұмыс істейді. Еріктілер жоғалған адамдарды іздестіруге, адам өмірін құтқаруға атсалысып, қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созып келеді.

    Осы уақыт ішінде волонтерлер 621-ден астам іздестіру-құтқару операциясын жүргізді. Нәтижесінде 473 адам аман табылды.

    Бүгінде жасақ құрамында 18 жастан асқан 180-нен астам белсенді волонтер мен 30 жасөспірім бар. Жасақ тәулік бойы ақысыз көмек көрсетеді. Волонтерлер қала аумағында да, табиғат аясында да іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жаңа қатысушыларды оқытып, алдын алу шараларын ұйымдастырады, төтенше жағдайлар кезінде көмекке келеді.

    «Регион-10» полициямен, Төтенше жағдайлар департаментімен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Волонтерлер өрт пен су тасқынының салдарын жоюға, гуманитарлық акцияларға, бірлескен оқу-жаттығуларға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған рейдтерге қатысты.

    Осы жылдар ішінде жасақтың қызмет аясы кеңейіп, Лисаковск пен Рудный қалаларында филиалдары ашылды. Ал 2024 жылы жаңа волонтерлерді даярлауға арналған өз штабы жұмысын бастады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары