Алматыда Бибігүл Төлегенованың шеберлік сабағы өтті

    1 / 4

    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Бибігүл Төлегенованың шеберлік сабағы өтті.

    Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында өткен кездесу әншілік дауысты қалыптастыру, вокалдық дайындық және жас орындаушыларды оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелеріне арналды.

    Сабақ барысында дұрыс ән айту дағдыларын қалыптастыруға, вокалдық шеберлікті шыңдауға және жас музыканттарды кәсіби даярлауға ерекше көңіл бөлінді.

    Консерватория студенттері мен оқытушылары көрнекті әншінің көпжылдық шығармашылық және ұстаздық тәжірибесінен тағылым алуға, вокалдық білім берудің өзекті мәселелері мен қазақстандық вокал мектебінің дәстүрлерін сақтау жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.

    Шеберлік сабағы кәсіби тәжірибе алмасуға, жас таланттарды қолдауға және отандық вокал өнерін дамытуға ықпал етті.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары