Жоспарлы мониторинг жұмыстары жалғасуда
Донор қаны мен оның компоненттерін клиникалық қолдану сапасын бағалау мақсатында «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасы мен Жүрек хирургиясы және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында (НКЦКТ) кезекті жоспарлы мониторинг жүргізілді.
Мониторингті Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары жүзеге асырды.
Сапардың негізгі мақсаты - трансфузиялық терапияның ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бағалау, пациенттерге қан құю кезінде белгіленген стандарттар мен клиникалық хаттамалардың сақталуын талдау.
Мониторингтік жұмыс тобының құрамында: облыстың штаттан тыс бас трансфузиологы С. М. Досжанова; медициналық зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Б. Ілиясова; бас мейірбике Э. М. Ембаева.
Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар аясында Жамбыл облыстық қан орталығы өңірдегі медициналық ұйымдарда клиникалық трансфузиологияны дамыту бойынша тұрақты түрде ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар өткізуде.
Мұндай мониторингтік сапарлар қан құюдың қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, трансфузиялық терапияны жетілдіруге, сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Жұмыстар Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарында донорлық қанды және оның компоненттерін тиімді әрі ұтымды пайдалану жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тәсіл аясында жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









