1 / 2
Шелек ауылдық округі аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейд барысында ауыл аумағы араланып, жасөспірімдермен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






