1 / 5
2026 жылдың 30 қазан күні Шелек ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастыруымен «JolTap» акциясы аясында Масақ ауылдық округінде орналасқан «QazEcoDan» ЖШС жүгері өңдеу зауытына Шелек политехникалық колледжінің студенттері арнайы экскурсиямен барды.
Экскурсия барысында студенттер зауыттың тыныс-тіршілігімен танысып, жүгеріні қабылдау мен өңдеу, дайын өнім өндіру кезеңдерін көрді. Сондай-ақ кәсіпорын мамандары өндіріс барысы туралы ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Мұндай танымдық кездесулер жастардың кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беруге ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






