Аршалы ауданында жүргізуші куәлігінен айырылған мас ұры ұсталды

    Ақмола облысының Аршалы ауданында 44 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Ол көлік құралын ұрлады және көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам көлік басқарды деген күдікке ілінді.
    Полиция бөліміне Аршалы кентінің тұрғыны Volkswagen Passat автокөлігінің ұрлануы туралы өтінішпен жүгінді. Белгілі болғандай, ер адам көлікті дүкеннің жанында қойып, бірнеше минутқа дүкенге кірген.
    Бұл жағдайды өтіп бара жатқан 44 жастағы жергілікті тұрғын пайдаланған. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған, құлыпталмаған көлікті көрген ол рульге отырып кетіп қалған.
    Алайда көп ұзамай полицияның қолына түседі.
    Іс жүргізу барысында күдіктінің рульде орташа дәрежелі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар, ол 2022 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылғаны және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
    Қазіргі уақытта ер адамға қатысты көлік құралын ұрлау және көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлікті басқаруы фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.
    Полиция еске салады: автокөлікті қысқа мерзімге тоқтату да қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлікті қараусыз қалдырмаңыз, кілтті өзіңізбен алып жүріңіз және есіктерді құлыптаңыз. Бұл ұрлықтың алдын алуға және мүлікті сақтауға көмектеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары