Еңбек министрлігі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі еңбек және көші-қон заңнамасын жетілдіру жолдарын талқылады

    1 / 3

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Жұмыс тобы тең төрағаларының жұмыс кездесуі өтті.

    Кездесу Жұмыс тобының шетелдік тараптан жаңа тең төрағасы – «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС бас директоры Габриель Константинді таныстыруға орай ұйымдастырылды. Қазақстан тарапынан жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қатысты.

    Кездесу барысында еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон салаларындағы қолданыстағы бастамалар мен реформалар, сондай-ақ Жұмыс тобы аясындағы алдағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар талқыланды. Сонымен қатар жоғары білікті шетелдік мамандарға, инвесторлар мен кәсіпкерлерге визалық қолдау көрсету мәселелеріназарға алынды

    Бұдан бөлек, еңбек заңнамасына енгізу жоспарланып отырған өзгерістерге және тәлімгерлік институтын реттеуге ерекше назар аударылды.

    Тараптар заңнамалық бастамаларды талқылау кезінде мемлекеттік органдар мен шетелдік бизнес өкілдері арасындағы тұрақты диалогтің маңыздылығын атап өтті.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек және көші-қон заңнамасын жетілдіру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Аталған жұмыс инвестициялық ахуалды жақсартуға және Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары