Жамбылдық дәрігер мемлекеттік марапатқа ие болды

    Жамбылдық дәрігер мемлекеттік марапатқа ие болды

    Республика күні қарсаңында Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жандос Рысқұлов «Санжар Асфендияров» медалімен марапатталды.

    Марапатты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова табыстады.

    Бұл марапат – денсаулық сақтау саласындағы еңбекті бағалаудың, медицина мамандарына көрсетілген құрметтің айқын көрінісі. Халық денсаулығын сақтау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби қызметі қашанда айрықша маңызға ие.

    Ақ халатты абзал жандардың еңбегі – адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жауапты миссия. Сондықтан сала мамандарының кәсіби жетістіктерін бағалау олардың қоғам алдындағы абыройын арттырып қана қоймай, денсаулық сақтау жүйесінің дамуына да серпін береді.

    Жандос Ордабайұлының марапатқа ие болуы – медицина саласындағы еңбегіне көрсетілген құрмет. Әріптесімізді мерейлі марапатымен құттықтап, ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тілейміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары