Ардагерлерге қамқорлық - басты назарда

    Ардагерлерге қамқорлық - басты назарда

    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек ардагерлермен кездесіп, аға буын өкілдерінің денсаулығын қорғау және оларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

    Кездесу барысында ардагерлерге медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өткізу, қажетті дәрі-дәрмектермен қамту және оңалту көмегін ұйымдастыру бағыттары сөз болды.

    Басқарма басшысы ардагерлердің денсаулығына ерекше көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтіп, емханаларда оларды дәрігерлердің кезектен тыс қабылдауын ұйымдастыру, күндізгі стационар қызметтерін қолжетімді ету және геронтологиялық кабинеттердің жұмысын жетілдіру мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар аға буын арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу шараларын жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары