1 / 5
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті сала басшылары қатысты.
Күн тәртібінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты екі маңызды мәселе қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша қалалық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Илхам Азизбаев бюджет қаражатының игерілуі мен бюджеттің орындалу барысы жөнінде баяндама жасады. Баяндамада бюджет кірістері мен шығыстарының орындалуы, бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуы мәселелері қамтылды.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғас Жақаев қаладағы қоғамдық-саяси ахуал туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындармен кері байланысты нығайту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытындағы мәселелерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты басшылардың баяндамаларын тыңдаған қала әкімі бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, бюджет қаражатының тиімді игерілуін тұрақты бақылауда ұстауды, жоспарланған жұмыстардың орындалуын жеделдетуді және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









