АУЫЛДАРДА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛУДЕ
Кентау қаласына қарасты ауылдарда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, осы жылы жергілікті бюджет есебінен Қарнақ ауылында бір балалар ойын алаңшасының, Құсшы ата елді мекенінде шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Сонымен қатар аталған спорт және ойын алаңшаларының айналасын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.
Айта кетейік, Қарнақ ауылында тұрғындардың өз қаражаты есебінен бұған дейін 5 ойын алаңшасы салынған. Ал 2025–2026 жылдары жергілікті бюджет есебінен Қарнақ ауылында 3 ойын алаңшасы, Құсшы ата елді мекенінде 1 балалар ойын алаңшасы мен футбол стадионының элементтері орнатылды.
Алдағы жылы Қарнақ ауылында тағы 2 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар басқа ауылдарда да жалғасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









