СТАТИСТИКА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Статистика қызметкерлері күніне орай қала әкімі Жандос Тасов сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында қала басшысы статистика саласының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудағы маңыздылығына тоқталып, нақты әрі сапалы деректердің маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, қала өмірінің дамуына және статистика саласының өркендеуіне қосқан үлестері, мінсіз қызметі мен қалаға сіңірген еңбегі үшін бірқатар қызметкерді төсбелгімен және Алғыс хаттармен марапаттады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









