Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлер күніне орай Атбасар ауданы әкімінің құттықтауы.

    Құрметті Атбасар ауданының кәсіпкерлері!Сіздерді Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Кәсіпкерлік – экономиканың қозғаушы күші, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды тірегі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, бастамашылдықтарыңыз бен іскерліктеріңіздің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты артып, ауданымыздың дамуына зор үлес қосылуда. Кәсіпкерлік саласында табысты еңбек етіп, өз ісін дамыту жолында жауапкершілік пен табандылық танытып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз ауданымыздың өркендеуіне, экономикалық әлеуетінің нығаюына ықпал етеді. Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Кәсіптеріңіз өркендеп, істеріңіз берекелі болып, алға қойған мақсаттарыңыз жүзеге аса берсін!Мерекелеріңіз құтты болсын!

    Құрметпен, Атбасар ауданының әкімі К.Әлімжанов

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары