«Даладан дастарқанға»: Мойынқұмда берекелі жәрмеңке өтті

    1 / 15

    Бүгін Мойынқұм ауылының орталық алаңында Республика күніне орай «Даладан дастарқанға» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Отандық өнімдерді қолдап, тұрғындарға азық-түлікті қолжетімді бағамен ұсынуды көздеген шараға жергілікті шаруалармен қатар өзге өңірлердің өндірушілері де қатысты.

    Жәрмеңке сөрелерінен Балқаштың балығы, Күшаман мен Көкжелек ауылдарының тарысы, Айдарлыдағы құс фабрикасының жұмыртқасы, Қылышбайдың қой еті мен Мойынқұмның сиыр еті орын алды. Сондай-ақ Жуалы ауданынан арнайы жеткізілген сүт өнімдері, Қызылорда өңірінен әкелінген Арал балығы және көкөністер сатылымға шығарылды. Әр өңірдің дәмі тоғысқан алаң тұрғындарға қажетті өнімдерін бір жерден сатып алуға мүмкіндік берді.

    Жәрмеңкеге аудан әкімі Ермек Карентаев қатысып, ұсынылған өнімдердің түрлерімен және бағаларымен танысты. Сауда орындарын аралап, сатушылармен және тұрғындармен пікірлескен аудан басшысы азық-түліктің арзандатылған бағамен сатылуына назар аударды.

    Әсіресе балық пен сүт өнімдеріне, жұмыртқа мен көкөністерге сұраныс жоғары болды. Тұрғындар күнделікті дастарқанға қажетті азық-түліктерін тиімді бағамен сатып алды. Мұндай жәрмеңкелер отбасылық шығынды үнемдеуге септігін тигізіп, шаруаларға өз өнімдерін тұтынушыға тікелей ұсынуға жол ашады.

    Шара Республика күніне арналған «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары аясында ұйымдастырылды. Еліміз бойынша «Republic Day» акциясына 232 сауда орталығы, ал «Bereke Fest» акциясына 417 сауда желісі қатысуда.

    Дала еңбеккерлерінің маңдай терімен өндірілген өнімнің халық дастарқанына жетуі — еңбектің қадірін, елдің берекесін айшықтайтын игі іс. Мереке қарсаңындағы жәрмеңке осы берекені мойынқұмдықтармен бөліскен мазмұнды шара болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мойынқұм ауданының әкімдігі" жаңалықтары