Қазақ күресінен 2013–2014 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында өткен 2026 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Көкрекбай Нұртас Төлебайұлы бірінші орынды иеленіп, ел чемпионы атанды.
Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы бұл жеңісімен Мойынқұм ауданының мерейін асырды. Оның жетістігі — тынымсыз жаттығудың, табандылықтың және жеңіске деген жігердің жемісі.
Мойынқұм ауданы әкімдігі атынан Нұртасты жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас балуанды баптаған жаттықтырушыларына, қолдау көрсеткен ата-анасына алғыс білдіреміз. Жаттықтырушысы Рахманқұлов Төлебайға еңбегінің ақталып, шәкірті чемпион атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Нұртас, ұлттық күресіміздегі қадамың нық, жеңісті жолың жалғасты болсын! Алдағы додаларда да топ жарып, туған өлкеңнің абыройын асқақтата бер!









