Мирный – Қияқты жолының жағдайы тұрғындарды алаңдатады

    1 / 7

    17 шақырым жолдың жайы Мирный ауылындағы кездесудің негізгі тақырыбына айналды. Аудан әкімінің орынбасары Алибек Нурадиновпен жүздескен тұрғындар Мирный – Қияқты тасжолының тозғанын айтып, жөндеу жұмыстарының қажеттігін жеткізді.

    Ауыл жұртшылығы жолды толықтай күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтерді. Сонымен бірге ағымдағы жөндеудің сапалы жүргізілуіне назар аударуды сұрады. Күнделікті қатынас үшін маңызды бұл бағыттың жағдайы көлік қозғалысының қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді.

    Алибек Нурадинов аталған мәселе бойынша қазір қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Кездесуде ауылдық округтегі өзге де жұмыстардың барысы мен алдағы даму жоспарлары таныстырылды.

    Жол жөндеу жөніндегі ұсыныстарды нақты іс-шаралар жоспарына енгізу ауылдық округ әкіміне тапсырылды. Аудан әкімінің орынбасары жоспардың орындалуын қадағалап, әр кезеңдегі жұмыс туралы халыққа жүйелі ақпарат беріп отыру қажеттігін атап өтті.

    Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату да осы жұмыстың бір бөлігі болмақ. Ауыл жұртшылығы көтерген мәселенің қаралу барысы мен қабылданатын шаралар жөнінде хабардар болуы тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мойынқұм ауданының әкімдігі" жаңалықтары