Аудан әкімі К. Әлімжановтың төрағалығымен әкімшілік жиын өтті.

    Аудан әкімі К . Ә лімжановтың төрағалығымен Атбасар қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ аудан әкімдігі бөлімдерінің басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру және жеке секторды су құбыры желілеріне қосу мәселелері қаралды.Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Николайцева ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қорытындылары туралы баяндама жасады. Кеңеске қатысушылар аудан дамуының негізгі көрсеткіштерін және басты салалардағы оң динамиканы қамтамасыз ету бойынша алдағы міндеттерді талқылады.Сондай-ақ сібір жарасы көміндісі аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы Атбасар аудандық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Толқынбек Бердбек ақпарат берді. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиісті қызметтердің маңызды жұмыс бағыттарының бірі болып қала береді.Бұдан бөлек, Атбасар қаласын абаттандыру жұмыстарының барысы қаралды. Қала әкімі Бақтияр Кузенов қаланың сыртқы келбетін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар туралы баяндады.Кеңестің қорытынды бөлімінде жеке секторды су құбыры желілеріне қосу мәселелері талқыланды. Бұл бағытта Ярослав ауылдық округінің әкімі Қайрат Смағұлов ақпарат берді.Кеңес қорытындысы бойынша салалық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерінің жұмысын одан әрі үйлестіру, қойылған міндеттердің орындалуын бақылауды күшейту және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді уақтылы шешу қажеттігі атап өтілді.Қаралған мәселелер Атбасар ауданының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары