Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Атбасар аудандық мәдениет үйінде еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын аудан тұрғындарының басын қосып, елдік пен бірліктің маңызын айшықтады. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Б. Махметов жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады. Ол барша атбасарлықтарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке, елімізге бейбітшілік пен өркендеу тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанды нығайту жолындағы бірлік, татулық пен отансүйгіштіктің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында адал еңбегі, кәсібилігі және ауданның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін түрлі сала өкілдеріне лайықты марапаттар табысталды. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен адалдығын танытып жүрген азаматтардың еңбегі туған өлкенің өркендеуіне қосылған маңызды үлес екені атап өтілді. Мерекелік шараның ерекше сәттерінің бірі — атбасарлықтардың жерлесі, паралимпиадашы әрі жеңімпаз Давид Дегтяревке деген мақтаныш сезімі болды. Оның жоғары спорттық жетістіктері мен қайсар рухы көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Давидтің жеңісі — табандылықтың, мақсатқа ұмтылудың және жеңіске деген жігердің жарқын үлгісі. Ол жас ұрпаққа шабыт беріп, туған Атбасарының және бүкіл Қазақстанның мерейін халықаралық аренада асқақтатып жүр. Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жалғастырды. Көрермендерге әсем әндер мен әсерлі би қойылымдары ұсынылып, мерекелік кештің сәнін келтірді. Салтанатты іс-шара туған елге деген сүйіспеншілікті, оның тарихына деген құрметті және жарқын болашаққа деген сенімді нығайтты. Республика күні — мемлекеттілігіміздің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, сондай-ақ Қазақстанның өркендеуі жолындағы ортақ ұмтылысымыздың символы.
Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара
1 / 2
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Петропавлда болашақ сақшылар мерекелік іс-шараға қатысты
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Алматы ұйықтамайды: мегаполисте жастарға арналған алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін комьюнити орталық ашылады
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшу
Өзгеге құрмет өзіңнен басталады: ІІМ жаңа бейнеролик жариялады
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстан мен Чехия арасындағы визалық-көші-қон саласындағы өзекті мәселелер Чехияның Ішкі істер министрлігінде талқыланды
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Бірлік пен еңбекті ұлықтау: ШҚО ПД-да Республика күні салтанатты түрде аталып өтті
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
"Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Атбасар қаласында қарағай ағаштары отырғызылды.
Атбасар ауданының әкімдігіАшу
Атбасарда Ардагерлерді еске алу аллеясы ашылды.
Атбасар ауданының әкімдігіАшу
Аудан әкімі зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады.
Атбасар ауданының әкімдігіАшу
Атбасар ауданы әкімінің Жапонияның Нагоя қаласында өткен V Азия Пара ойындарындағы жеңісіне орай Давид Дегтяревке жолдаған құттықтауы
Атбасар ауданының әкімдігіАшу
Атбасар ауданы әкімінің Құтқарушылар күніне орай құттықтауы
Атбасар ауданының әкімдігіАшу