Атбасарда ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі қызметкерлері құрметтелді

    1 / 9

    Атбасарда ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі қызметкерлері құрметтелді
    Атбасар қаласының аудандық мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
    Аудан аграршыларын аудан әкімі Қ. Әлімжанов құттықтады. Ол ауыл еңбеккерлеріне адал еңбегі, жоғары көрсеткіштері және ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.
    Салтанат барысында үздік қызметкерлерге грамоталар мен дипломдар, сондай-ақ автокөлік кілттері табысталды.
    Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары