«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді

    1 / 9

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді

    Аудандық әкімдіктің кіші залында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді. Он жыл — бұл қалыптасу, даму және кәсіби жетістіктер жылдары. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсетудің заманауи, қолжетімді әрі қолайлы жүйесін қалыптастырып, мемлекеттік қызметтерді біріктіру мақсатында 2016 жылдың 7 сәуірінде құрылған болатын.

    Бүгінде Корпорация қызметі маңызды бағыттарды қамтиды: жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жер кадастры, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, азаматтық хал актілерін тіркеу, халыққа қызмет көрсету орталығы. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға, онлайн-сервістерді дамытуға және проактивті қызмет көрсету форматын енгізуге ерекше көңіл бөлінуде, бұл азаматтарға қажетті қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Корпорация құрамына азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары да кірді.

    Мерейтойлық датамен ұжымды Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Бегахмет Махметов құттықтады. Ол Корпорацияның барлық жетістіктері қызметкерлердің кәсібилігі, жауапкершілігі мен адал еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Ақмола облысы бойынша филиалдың ұжымына және Корпорацияның дамуына пен халыққа сапалы қызмет көрсетуге күн сайын үлес қосып жүрген аудандық бөлімдердің мамандарына ерекше алғыс сөздері айтылды.

    Іс-шара барысында үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды. Баршаңызды мерейтоймен құттықтаймыз! Әрі қарай да табыстар, жаңа жетістіктер мен амандық тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары