Встреча с председателем «Әжелер алқасы» Рысты Ерденқызы при региональном совете ветеранов

    1 / 10

    2026 жылғы 10 қараша күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Мұханбетқали Т.З. мәдениет саласының ардагері, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әжелер алқасы» төрайымы Рысты Ерденқызымен тағылымдыкездесуөткізді.

    Кездесу барысында ұлттық тәрбие, салт-дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары және қазіргі қоғамдағы қариялардың рөлі туралы әңгіме өрбіді. Мәдениет саласында 42 жыл еңбек еткен Рысты Ерденқызы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығына тоқталды.

    Кездесу аясында студенттер қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңғырту, ұлттық тәрбие мен заманауи өмір салтын үйлестіру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" жаңалықтары