2026 жылғы 19-24 қазан аралығында Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Қызылорда қаласында өткен көрнекті театртанушы ғалым, театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбайұлы Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXI республикалық фестиваліне қатысты.
Фестивальге еліміздің әр өңірінен іріктелген 10 театр ұжымы қатысты. Қостанай облыстық қазақ драма театры көрермендер мен театр өнерінің мамандарына «Міржақып» спектаклін (реж. Г. Адай) ұсынды. Фестиваль қорытындысы бойынша Қостанай театрының әртісі Зәмзәгүл Бегайдарова «Міржақып» спектакліндегі «Рух» рөлі үшін «Үздік эпизодтық рөл» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Бұл – актрисаның кәсіби шеберлігі мен театр ұжымының шығармашылық ізденісіне берілген жоғары баға.
Театрдың бұл жетістігі өңірдегі кәсіби театр өнерінің әлеуетін айқындап, ұлттық мәдени мұраны сахна арқылы дәріптеу жолындағы шығармашылық жұмыстың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұжымын және Зәмзәгүл Бегайдарованы лайықты марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.








