Президент микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға мораторий енгізу мәселесін талқылауды ұсынды

    Президент микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға мораторий енгізу мәселесін талқылауды ұсынды

    Іскерлік белсенділікті талдау бизнестің қалыпты жұмыс істеуі үшін оған кедергі келтірмеудің өзі жеткілікті екенін көрсетеді.

    – Осы тұрғыдан алғанда, 2020–2023 жылдары микро және шағын бизнесті тексеруге енгізілген мораторийдің тәжірибесі пайдалы. Оның тиімділігі дәлелденді. Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, алдыңғы мораторийдің барлық оң және теріс тұстарын ескере отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы да үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын талқылауды ұсынамын. Бұл қадамды бақылау-қадағалау жүйесін қайта жаңғыртуға және реттеудің цифрлық моделіне көшуге мүмкіндік беретін стратегиялық үзіліс ретінде қарастырған жөн, – деді Президент.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары