Жеке өмірге қол сұғылмау – әр азаматтың негізгі құқығы
Жеке өмірдің құпиялығы мен дербес деректердің қауіпсіздігі – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілдіктерінің бірі.
Жаңа Конституцияның 21-бабында әрбір адамның жеке өміріне қол сұғылмау, жеке және отбасы құпиясын сақтау құқықтарына заңмен кепілдік берілген.
Бұл норма азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғауды көздейді.
Сонымен қатар банк операциялары, жеке салымдар, хат алмасу, телефон сөйлесулері мен цифрлық байланыс арқылы берілетін хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады.
Цифрлық технологиялар кеңінен қолданылатын заманда жеке ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын құрметтеу ерекше маңызға ие.
Жеке өмірге қол сұғылмау құқығын сақтау – адамның еркіндігі мен қоғамдағы өзара сенімнің маңызды негізі.
#Конституция #Қазақстан #21бап #АдамҚұқықтары #ЖекеӨмір #ДербесДеректер #ЦифрлықҚауіпсіздікс









